Қарағандыда сатушы қызды ұрып-жыққан сатып алушының үстінен іс қозғалды

0
583

Әйелге 2000 АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынуы мүмкін.


Қарағандыда сатушы қызды ұрып-жыққан сатып алушының үстінен іс қозғалды

ERNUR.KZ. Қарағанды полицейлері дүкенде 18 жастағы кассир қызды бір соққымен еденге құлатқан 48 жастағы әйелге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады tengrinews.kz.

""Ануар" сауда үйінде сатып алушы мен кассирдің арасында болған жанжал бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабына (Бұзақылық) сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары барысында екі жақтың да дәйектері тексерілетін болады", - деді полицияда.

Бұл бап бойынша әйелге 2000 АЕК-ке дейін, яғни 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынады немесе 600 сағатқа дейін түзеу жұмыстарына тартылады немесе бас бостандығынан айырылады.