Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

0
299

Бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.


Қарағандыда жол апатынан бүтін бір отбасы қаза тапты

ERNUR.KZ. Қарағанды облысында жол апатынан бір отбасының мүшелері қаза тапты. Бір бала ауруханаға жеткізілді, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, 26 тамызда сағат шамамен 23.30-да "Балқаш-Приозерск" тасжолындағы Гүлшат ауылына 23 шақырым жерде 35-жастағы "Опель Вектра" жүргізушісі жөндеу жүріп жатқан жабық жолда (ескерту жол белгілері бар) 25-жастағы азаматтың басқаруындағы "Хово" автомашинасымен бетпе-бет соқтығысқан.

"Опель Вектра " автомашинасының жүргізушісі, оның 35-жастағы жұбайы, олардың кәмелетке толмаған үш балалары оқиға орнында қаза болды, бір бала медициналық мекемеге жеткізілді.

Аталған дерек полицияда тіркелді және тағайындалған қажетті сараптама қорытындылары бойынша процессуалдық шешім қабылданады.