Республикамыздың солтүстік жартысында ауа-райы күрт бұзылады.
"Қазгидромет" мамандары 17-19 сәуірге арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Синоптиктердің мәліметінше, республикамыздың солтүстік жартысында ауа-райы күрт бұзылады. Республикамыздың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа-райы күтіледі, кей жерлерде жаңбыр жауады. 19 сәуірде солтүстік және орталық аймақтарда Скандинавия түбегінен ойысқан салқын антициклонның келіп жетуі салдарынан жаңбырдың арты қарға ұласады, түнде сынап бағаны минус 5-12 дейін төмендеп, көктайғақ, қарлы боран болады деп күтіледі.