Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс - ҚР Президенті

0
434

ҚР Президентінің атап өтуінше, сол арқылы бір жылда өндірілетін мұнай көлемін 15 миллион тоннаға арттыруға болады.


Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс - ҚР Президенті

ERNUR.KZ. Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс. Бұл туралы Атырау облысының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Атырау облысы – еліміздегі ең үлкен индустриялық өңірдің бірі. Аймақтың мұнай-газ өнеркәсібі шетелден инвестиция тарту саласында көш бастап келеді. Сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі инвестициялық имиджін арттыруға септігін тигізуде. Облыс республикалық бюджетке және Ұлттық қорға қомақты қаржы құйып отыр. Үкімет өңір әкімдігімен бірлесіп, ірі мұнай-газ жобаларын уақтылы жүзеге асыруды бақылауға алуға тиіс. Болашақта кеңею жобасын уақтылы аяқтау маңызды. Сондай-ақ, Қашаған кен орны толық игерілуге тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президентінің атап өтуінше, сол арқылы бір жылда өндірілетін мұнай көлемін 15 миллион тоннаға арттыруға болады. Нәтижесінде жұмыс орындары ашылып, отандық қызмет көрсету компаниялары мен шағын және орта бизнес өкілдері үшін мол мүмкіндіктер туады.

«Ақпанда концессионер компаниялардың басшылармен кездесу барысында 2021 жылдың соңына дейін Қашанғанды толық игеру жоспарын бекіту тапсырдым. Үкіметке бұл мәселені бақылауды ұстауды және мерзімінің созылып кетуіне жол бермеуді өтінемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.