Kaspi Bank туралы жалған хабарлама таратқан адамның кім екені анықталды

0
2 339

Фейк ақпараттың авторы үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуі немесе үш жылға сотталуы мүмкін


Kaspi Bank туралы жалған хабарлама таратқан адамның кім екені анықталды

ERNUR.KZ. Алматы полициясы департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде және бірқатар бұқаралық ақпарат құралында Kaspi Bank қиындыққа тап болды деген ақпараттың таралуын ұйымдастырған күдіктіні анықтап ұстады, деп жазады sputniknews.kz.

Алматы полицейлері жедел іздестіру шарасы кезінде банк туралы ақпарат таратты деген күдікпен Астана қаласының тұрғынын ұстады.

"35 жастағы Астана тұрғыны айдың басында әлеуметтік желілер арқылы банктің қызметі мен оның басшысына қатысты жалған ақпарат таратты. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу және жедел іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр. Оның ішінде полицейлер бұл қылмысқа қатысы бар басқа адамдарды анықтауда", — деп хабарлады полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қылмыстық кодекс бабына сәйкес, егер күдіктінің кінәсі дәлелденсе, ол үш мың айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі ірі айыппұл төлеуі немесе үш жылға сотталуы мүмкін.