Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.
Француз тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды.
Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.