Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен кездесу үшін Ватиканға барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының келуіне орай швейцариялық гвардияның Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Қазақстан Президентін Папа сарайы Префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.