Ақтауда Тоқаевтың суреті бейнеленген 14 билборд ілініп тұрған.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласында билбордтардағы ҚР Президенті Тоқаевтың суреттері басқа суреттерге ауыстырылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстауға сапары барысында жұртшылықпен кездескен болатын.
«Ақтауда менің суретім бейнеленген 14 билборд ілініп тұрғанын естідім. Менің ойымша, бұл - мүлде орынсыз, мен мұндай насихатқа мұқтаж емеспін. Мұндай әкімшілік ыждаһаттылық неменеге керек?», - деді Мемлекет басшысы кездесу барысында.
«Билбордтарды Елбасы бас болып, қол жеткізген шынайы жетістіктерімізге арнаған жөн. Мен барлық деңгейдегі әкімдерге осыны тапсырамын», - деп қатаң тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бүгін Ақтауда билбордтардағы ҚР Президентінің бейнелері басқа суреттерге ауыстырылды.