2022 жылдың сәуірінде "Қазтрансойл" АҚ мұнай құбырлары арқылы мұнай экспортының көлемі артады деп жоспарлануда.
ERNUR.KZ. Қазақстан мұнай экспортын Каспий құбыр желісінен Ресей мен Қытайға қайта бөледі, деп жазады sputnik.kz.
2020 жылдың сәуір айында Қашаған және Қарашығанақ кен орындарынан мұнайды "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы экспорттау көлемін ұлғайту жоспарланып отыр.
"Қазақстанның энергетика министрлігі бекіткен мұнай жеткізу кестесіне сәйкес, сәуірде Қарашығанақ мұнайын "Өзен – Атырау – Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау – Самара" учаскесі арқылы 154,7 мың тонна, Қашаған мұнайын 60 мың тонна көлемінде экспорттау жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.
Қашаған мұнайын "Атасу – Алашанькоу" мұнай құбыры арқылы Қытайға экспорттаудың болжамды көлемі 40 мың тоннаны құрайды.
Еске сала кетейік, Каспий құбыр желісі консорциумында қолайсыз ауа райы салдарынан айлақтағы қондырғылардың бұзылғаны анықталды. Теңіз терминалында мұнай тиеу жұмыстары тоқтатылған болатын.
Каспий құбыр желісі арқылы Қазақстан өз мұнайының 80%-ке жуығын экспорттайды.