"Самұрық-Энерго" және Қатар холдингі жобаны іске асыру үшін жобалық компания құру туралы келісімге қол қойды.
фото: АО "Самрук-Энерго"
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жаңа бу-газ электр станциясы пайда болады, деп жазады sputnik.kz.
"Самұрық-Энерго" және Қатар холдингі жобаны іске асыру үшін жобалық компания құру туралы келісімге қол қойды.
Станцияның қуаты - 1,1 ГВт, жоба Қазақстанның энергожүйесі мен саланың экологиялық тұрақтылығын жақсартып, энергиямен жабдықтау тиімділігін арттырады.
Тараптар жобаны дайындаудағы елеулі прогрестерін талқылап, оны одан әрі бірлесіп іске асырудағы жоспарларды растады.
Акционерлік келісім - жобалық құжаттың негізгі қадамы. Ал жобалық құжаттарға - инвестициялар туралы және қуат нарығы туралы келісім, сондай-ақ биыл электр энергиясын сату кіреді.