13 қазанда Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жетуі мүмкін екені хабарланды.
ERNUR.KZ. Қазақстанның Цифрлық даму министрлігі мен Түркияның қорғаныс өнеркәсібі агенттігі аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, деп жазады ulysmedia.kz.
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин бұл құжат спутниктік байланыс пен телехабар таратудың ғарыш жүйелерін құру, сондай-ақ Жерді қашықтықтан зондтау саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретінін айтты.
«Сонымен қатар біз қашықтықтан зондтау деректерімен алмасу, өнеркәсіптік кәсіпорындардың жерсеріктерді әзірлеудегі ынтымақтастығы, спутниктік ғарыш жүйесін құру сияқты салалардағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқыладық, сондай-ақ мемлекеттік органдар деңгейінде де тығыз байланыс орнатуға келістік. Жекелеген компаниялар деңгейінде уағдаластық», - деп қосты Мусин әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, 13 қазанда Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 10 миллиард долларға жетуі мүмкін екені хабарланды. 12 қазанда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.