Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да салқынын тигізетінін атап өтті.
ERNUR.KZ. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді РИА Новости агенттігіне қажет болған жағдайда республика Ресей мен Украина елдерінің келіссөз алаңын ұйымдастыруға дайын екенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
Сонымен қатар, ол Ресейге қарсы енгізілген санкциялар Қазақстанға кері әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті, өйткені санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасына да бағытталған.