Қазақстанда 13 млн теңге жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

0
1 552

​Елімізде ең төменгі жалақы 15 мың теңгені құрайды.


Қазақстанда 13 млн теңге жалақыны кімдер алатыны белгілі болды

ERNUR.KZ. 2018 жылғы ІV тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы176050 теңгені құрады. Атаулы жалақы индексі өткен жылғы тиісті тоқсанына 107,5%, ал нақты жалақы индексі 102,1% құрды. Бұл туралы Статистика комитеті мәлімдеді, деп жазады elitar.kz.

Салалық құрылымда ең үлкен атаулы жалақы кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда – 390,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,2 есеге асты), қаржы және сақтандыру қызметінде - 364,7 мың теңге (2,1 есеге асты), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 332,5 мың теңге (1,9 есеге асты), ақпарат және байланыс саласында – 261,7 мың теңге (1,5 есеге асты), құрылыс саласында – 227,5 мың теңге (1,3 есеге асты) белгіленді. Ең төменгі атаулы жалақы білім беру қызметкерлерінде белгіленді – 107,9 мың теңге, бұл республика бойынша орта көрсеткіштен 38,7% %-ға төмен.

Елімізде ең жоғары жалақы мөлшері - 13192,4 мың теңге. Оны кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, қаржы және сақтандыру қызметі және өзге де өңдеу өнеркәсібі түрлері салаларындағы бас директоры алады. Ең төменгі жалақы мөлшері 15,6 мың теңге білім беру және мемлекеттік басқару салаларында үй-жайларды жинап тазалаушыда белгіленді.