Қазақстанда 2025 жылға дейін 5 жаңа мұнайгаз-химия зауыты пайда болады

0
2 713

Күтілетін нәтиже: өндіріс көлемі 9 есе артып, 2 млн. тонна мұнайгаз- химия өнімін; ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен $3,9 млрд. құрайды.


Қазақстанда 2025 жылға дейін 5 жаңа мұнайгаз-химия зауыты пайда болады

ERNUR.KZ. Энергетика министрлігі биыл іске асырылатын мұнайгаз-химия өндірістерін жеделдету және әлеуетті инвесторлар үшін тартымды жағдайлар жасау бойынша міндетті шешуге арналған Мұнайгаз-химияны дамыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлейді. Бұл туралы алқа отырысында Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Жоба проблемалық мәселелерді, атап айтқанда, мұнайгаз-химия жобаларын шикізатпен қамтамасыз ету, мұнайгаз-химия кластерін құру, қайта өңдеуді дамыту мәселелерін шешуге баса назар аудара отырып, саланы нақты дамытуға мүмкіндік береді, - деді Ноғаев 5 наурызда өткен алқа отырысында.

Бұдан басқа, мұнайгаз-химия жобасын іске асыру кезінде оның қажеттіліктерін ескере отырып, ел Үкіметі мен инвестор арасында жеке келісім әзірлеу мәселесі пысықталуда.

Министрдің айтуынша, жоғарыда аталған шаралар 2025 жылға қарай 5 зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді, оның ішінде Атырау облысындағы үш зауыт: қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауыт; техникалық газдар: қуаты 57 млн.текше метр азот және 34 млн. текше метр құрғақ сығылған ауа өндіру бойынша; қуаты жылына 430 мың тонна полиэтелентерефталат өндіру бойынша үш зауыттың құрылысын аяқтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Шымкентте қуаты жылына 81 мың тонна полипропилен және Шымкент мұнай өңдеу зауытының шикізаты базасында қуаты жылына 57 мың тонна бензинге арналған октан арттырғыш қоспаларды өндіретін жаңа зауыттың құрылысы аяқталады. Оралда қуаты 182 мың тонна метанол (82 мың тонна) және гликоль (100 мың тонна) өндіретін зауыт салынатын болады.

Күтілетін нәтиже: өндіріс көлемі 9 есе артып, 2 млн. тонна мұнайгаз- химия өнімін; ел экономикасына инвестициялар көлемі шамамен $3,9 млрд. құрайды. Осылайша, базалық мұнайгаз-химия өнімін өндіру мұнай-газ саласындағы терең өңдеуді дамыту үшін берік негіз болады, бұл біздің шикізат экономикасын әртараптандыру және технологиялық дамуға ұмтылу жөніндегі стратегиямызға сәйкес келеді, - деп сөзін түйіндеді министр.