Кезекші сыныптың оқушылар маскасыз мектепке кіре алмайды.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов кезекші мектеп топтарындағы балалар қолғап кию керек деген ақпаратқа түсінік берді, деп жазады Stan.kz.
Онлайн брифинг барысында Қожахметов мектепте санитарлық талаптарды сақтау шаралары туралы айтып берді.
"Балаларға қолғап киюдің қажеті жоқ. Бұл әлеуметтік желілерде таратылатын жалған ақпарат, бұл шындыққа сәйкес келмейді. Балаларға сабақ кезінде бетперде кию керек. Себебі ересектермен салыстырғанда балалар ауырып қалуы мүмкін, дегенмен балалар ауруды қоздырады және қарт адамдарға жұқтыруы мүмкін", - деп түсіндірді Қожахметов ОКҚ брифингіндегінде.
Сонымен қатар, министрліктің ресми өкілі балаларды ата-анасы қамтамассыз ету керек екенін айтты.
"Қолғап тағуға міндеттелмегенімен, кезекші сыныптың оқушылар маскасыз мектепке кіре алмайды. Маскамен әр оқушыны ата-анасы қамтамассыз ету керек. Мемлекет тарапынан мүмкіндік болып жатса, қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге дайынбыз", - дейді Қожахметов.
Естеріңізге сала кетейік, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналарының өтініші бойынша орта мектептердегі кезекші топтарға бара алады.