Дәрігердің алғашқы қабылдауы ең қымбат қала – Шымкент қаласы.
ERNUR.KZ. Қазақстанда дәрігерлік қызметтер бағасы қымбаттады, деп жазады Stan.kz.
Energyprom.kz деректері бойынша бір жыл ішінде дәрігерлік қызметтер шамамен 6%-ға өскен.
Ал дәрігердің алғашқы қабылдау бағасы 7,3%-ға қымбаттаған. Стоматологтар да өз қызметтерінің құнын 5,6%-ға көтерген.
Сондай-ақ амбулаториялардағы дәрігер-мамандар қызметі 3,6%-ға және медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 3,3%-ға өскен.
Осы зерттеуге сәйкес, дәрігердің алғашқы қабылдауы ең қымбат қала – Шымкент қаласы (4 460 теңге), Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (4198 теңге) тұр. Ал ең дәрігерлік қабылдау ең арзан қала Талдықорған (2513 тенге) екені анықталды.