Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

0
1 046

Бұл мәселе әзірше талқыланып жатыр.


Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда газды қайта өңдейтін зауыт салынуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Газды қайта өңдейтін зауыт құрылысына қатысты айтар болсам, бүгінгі күні өндірілетін ілеспе газ көлемін кәдеге асыру мұнай өндіруді арттыруға тежеу болып отырған фактор саналады. Осыған орай газды қайта өңдейтін зауыт салу нұсқасы қаралып жатыр. Әзірше, болжаммен жылына 1 млрд текше метрлік өндірістік қуатты, дегенмен одан кейін еселей түсуге мүмкіндігі бар модульдік тұрғыда жасалатын нұсқасы қарастырылуда», - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта бұл мәселенің техникалық жағы қарастыру үстінде.

«Дәл осыған жобаның құны да, қаржыландыру мәселелері де байланысты. Бұл мәселе әзірше талқыланып жатыр. Дегенмен, іс жүзінде бұл өте дұрыс шешім. Меніңше, қажеттілікті ескер отырып, оны таяу үш жылдың ішінде жүзеге асырған жөн сияқты. Әйтпесе, одан кейін оның тиімділігі өзекті болмай қалады», - деді бірінші вице-министр.