Қазақстанда игерілмей жатқан ақша көлемі бірнеше айда екі есеге өскен

0
1 348

​Бүгін Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев xалықты баспанамен қамту бағдарламасы тиісті деңгейде іске асырылмай отырған өңірлерді сынға алды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстанда игерілмей жатқан ақша көлемі бірнеше айда екі есеге өскен

фото: primeminister.kz

Бүгін Үкімет сағатында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев xалықты баспанамен қамту бағдарламасы тиісті деңгейде іске асырылмай отырған өңірлерді сынға алды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрылыс саласы 4,5 процентке төмендеп отыр. Қолда бар мәліметтерге қарасақ, кейбір өңірлерде, әсіресе, оңтүстік облыстарда, мысалы, Алматы, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында бүгінге дейін бірде-бір тұрғын үй іске қосылмаған. Солтүстік Қазақстанда да солай. Бұл дегеніміз, база жоқ. Балтырғы жылдың қорытындысы бойынша "переxодящий" үйлер жоқ деген сөз. Енді, қазір барлығы республикалық бюджеттен ақша күтеді. Сол бойынша тендер болады. Одан кейін фундаментін бастаймыз. Жылдың соңына дейін тиісті көрсеткішке жетеміз деген жоспарларыңыз дұрыс емес", - деген Үкімет басшысы жергілікті жерде игерілмей жатқан қаржының бар екенін айтты.

«Соны пайдалану қажет. Әйтпесе, ылғи өткен жылдың жетістіктерін тілге тиек етіп, соны себеп қылып, айтып отыру, меніңше, құрметті әріптестер, әсіресе, өңірлік жерлердегілер, ол - қате", - деп атап көрсетті Б.Сағынтаев.

Отырыс барысында бюджет ақшасын игеру бойынша есеп берген Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, барлық өңірлердің шоттарында қалдық ақшаның көлемі 291 млрд теңгені құраған. Бұл жыл басындағы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге өскен.

Жыл басында игерілмей жатқан қаржы көлемі 124 млрд теңге болған. "Бұның барлығы жергілікті қаржы-қаражатты тиімсіз басқаруды, жоғарыда айтып кеткендей кірістерді жоспарлау сапасының төмендегін көрсетеді. Сондықтан жергілікті атқарушы органдар бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударуы қажет", - дейді Б.Сұлтанов.