Қазақстанда Kinopark және Kinoplex кинотеатрлар желісі жабылуға мәжбүр, өйткені Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливуд компаниялары оларға фильмдер көрсетуден бас тартты.
ERNUR.KZ. Бұл туралы желі басшысы Алмаз Малдыбаев мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Өкінішке қарай, Ресей арқылы жұмыс істейтін Голливудтың ірі компаниялары бізге кино ұсынудан бас тартты. 1 сәуірден бастап ештеңе көрсетілмейді. Kinopark және Kinoplex содан ары қарай жабылуға мәжбүр, қашан іске қосылатыны белгісіз. Өкінішті", - деді Малдыбаев.
Әлемдік студиялардың көбі Ресейде жаңа фильмдер көрсетуден бас тартып жатыр.