​Қазақстанда көлік қымбаттап жатыр

0
760

Жалпы биыл сегіз айда отандастарымыз 76 мың жаңа машина сатып алды.


​Қазақстанда көлік қымбаттап жатыр

ERNUR.KZ. Тамыз айында елдегі автосалондардан 8734 жаңа көлік сатылды. Шілдемен салыстырғанда 15 проценттей аз. Сарапшылардың айтуынша, сауданың бәсеңдеуіне көлік тапшылығы әсер етті. Өйткені құрастыру мен тасымалдауда кедергі көп, деп жазады 24.kz.

Ең бастысы автокөлік электроникасына қажетті микросхема жетпей жатыр. Осыған байланысты концерндер өндірісті азайтты. Тіпті кейбірі бөлімшелерін уақытша жапқан.

Отандық дилерлер қазір тапсырысты алдын ала қабылдағанымен жеткізу уақытын кейінге шегеріп жатыр. Әсіресе соңғы бір-екі айда тасымал мәселесі қиындап кетті.

Қытай карантин талаптарын күшейтіп, Қазақстанға Жапония мен Кореядан келетін көліктер уақытынан кешіккен. Бұған дейін жаңа көлікті 6 ай күтсе қазір 8 айға дейін созылады.

Нарықта темір тұлпарлардың тапшылығы туындаған соң бағасы қымбаттап барады. Өйткені сатып алушы көп. Жалпы биыл сегіз айда отандастарымыз 76 мың жаңа машина сатып алды. Былтырмен салыстырғанда 40 процентке көп.