Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

0
514

ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 64 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 13 пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.


Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирус пен пневмониядан 77 адам қайтыс болды, 350 науқас өте ауыр жағдайда жатыр, - деп жазады Tengrinews.kz


ПТР-сынамасы оң нәтиже көрсеткен 64 адам коронавирустан, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 13 пациент коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болған.

Сондай-ақ, 15 қыркүйектегі мәлімет бойынша 75 685 адам коронавирус инфекциясынан (67 269 КВИ+ және 8 416 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде:

  • 14 335 пациент стационарда,
  • 61 350 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 1 136 адамның жағдайы ауыр,
  • 350 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 198 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.