Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам көз жұмды

0
1 961

Науқастар арасында 299 адамның жағдайы ауыр.


Қазақстанда коронавирустан тағы төрт адам көз жұмды

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Коронавирус белгілері бар пневмониядан қайтыс болғандар тіркелген жоқ. Ал оның алдындағы екі күнде коронавирус пен пневмониядан жеті адамнан қайтыс болды.

6 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 791 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 212 пациент стационарда, 17 579 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Жалпы науқастар арасында 299 адамның жағдайы ауыр, 45 науқас өте ауыр жағдайда жатыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

2020 жылдың наурызынан бері Қазақстанда 159 044 адам коронавирус жұқтырды, 145 979 адам жазылып шықты, 2 343 адам қайтыс болды.

Ал өткен жылдың бірінші тамызынан бастап 46 020 адам пневмонияға шалдықты, 33 398 адам жазылды, 513 адам көз жұмды.