Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 30 наурыз – 1 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мәскеу аудандарынан антициклонның басып кіруі Қазақстанның көп бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне, сондай-ақ жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
Фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады, кей жерлерде қатты болады.
Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.