Қазақстанда мейрамханалардағы 10%-дық қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

0
322

Өзгерістер ішкі сауда ережелеріне енгізіліп жатыр.


Қазақстанда мейрамханалардағы 10%-дық қызмет ақысы алынып тасталуы мүмкін

ERNUR.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2024 жылғы 5 қыркүйекте Сенат аясында тамақтану орындарында қызмет ақысына төленетін 10%-дық төлемді алып тастауды қарастыратын ережелер әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады zakon.kz.

Өзгерістер ішкі сауда ережелеріне енгізіліп жатыр.

"Бүгінде түбіртекте 10% міндетті атрибут ретінде көрсетілген. БІз атрибут ретінде көрсетілген осы шайпұлды алып тастауды көздейтін өзгерістерді дайындап жатырмыз. Яғни көрсетілген қызмет үшін алынатын 10%-ды алып тастаймыз. Егер түбіртекте қызметтің жалпы сомасы көрсетілсе, сіз неге 2 рет төлеуіңіз керек. Шайпұл беру өз еркіңізге байланысты. Десе де, бизнесмендердің барлығы бұл ойымызды құптай қоймас",- деді Арман Шаққалиев.

Бұған дейін әйелінің интимдік суретін таратқан қазақстандық бас бостандығынан айрылғаны хабарланды.