Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді.
ERNUR.KZ. 21 қазан күні сағат 18:00-де ел президенттігіне кандидаттарды тіркеу аяқталды, деп жазады zakon.kz.
Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке алты кандидатты тіркеді:
- Қасым-Жомарт Тоқаев – қазіргі мемлекет басшысы.
- Нұрлан Әуесбаев – оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.
- «Аманат» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған Мейрам Қажыкен.
- Жигули Дайрабаев – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.
- Қарақат Әбден – «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі.
- Салтанат Тұрсынбеков – «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі.
- «Асар» оралмандар қоғамдық бірлестігі ұсынған Хайрулла Ғабжалилов.
- Қазақстан құрылысшылар одағынан Талғат Ерғалиев.
- «Практикалық психология» республикалық қоғамдық бірлестігінен Фатима Бизақова.
- «Қазақстандық футбол жанкүйерлер лигасы» қоғамдық бірлестігінен Бақыт Жаңабаев.
- «Мұқамас» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Нұржан Әлтаев.
- «Халық демографиясы» ҮЕҰ ұсынған Жұматай Әлиев.