Министрдің айтуынша, 31 педагогикалық колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.
ERNUR.KZ. Елімізде колледж студенттері практикадан жаңа форматта өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп жазады inform.kz.
«Біздің министрлік педагог кадрларды даярлаудың сапасын арттыру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп келесі жұмыстарды атқарады. Үздік балабақшалар жанынан құрылған құзыреттілік орталықтарында және жетекші мектептердің базасында дуалды оқыту кеңейтіледі. Студенттерді кәсіптік практикадан өткізудің жаңа форматы енгізіледі», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында баяндай отырып.
Министрдің айтуынша, 31 педагогикалық колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылады.
«Ел ішінде немесе шетелдерде тәжірибе алмасу мақсатында колледж педагогтері мен студенттері үшін академиялық ұтқырлық бағдарламасы енгізіледі. 31 педагогикалық колледждің материалдық-техникалық базасы нығайтылады», - дейді ведомство басшысы.