Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

0
545

Құрылыс 20-ға жуық өңірді қамтиды.


Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынады

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 2023 жылы Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген ақшаға 70 мектеп салынатынын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Биыл жемқор шенеуніктер ақшасына 70-тен аса мектеп салынады. Ол үшін құжаттарымыз бар, тізім де бар. Жақын күндері бұл тізім қолдау алған соң, құрылысқа қаржы бөлінеді. 20-ға жуық өңірді қамтиды", - деді министр үкімет кулуарында журналистер сұрағына жауап беріп.

Министр бұл жобада жаңа мектептер салу да, бұрыннан барларды жөндеу де қарастырылатынын айтты.