Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды

0
1 085

Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат.


Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы барлық ауруханада карантин жарияланды, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгіннен бастап барлық медициналық ұйымда - ауруханаларда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде, қарттар үйі мен интернаттарда карантин жарияланды. Осы мекемелерге, ұйымдарға баруға тыйым салынады. Тек медициналық қызметкерлерге рұқсат. Бұл науқастарды қорғау үшін жасалып отыр. (…) Сондай-ақ, фото мен видеоға түсіруге тыйым салынады", - деді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.