Әнші қазір жоспарын жүзеге асыру үшін ақша жинап жатқанын айтты.
ERNUR.KZ. Jah Khalib ретінде танылған рэпер Бақтияр Мамедов Қазақстанда жалпы құны шамамен 14 миллион доллар болатын заманауи мектептер салғысы келетінін айтты. Бұл туралы ол Лаура Джугелияға Fametime Tv YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Aikyn.kz.
«Бізде 14 аймақ бар, оның ішінде 14 ауылда әрқайсының құны 800 000 – 1 миллион доллар болатын хайтек-мектеп салғым келеді», – деді ол.
Ол қазір осы жоспарын жүзеге асыру үшін ақша жинап жатқанын айтты.
«Бұл ойымды шамамен 40 жасыма дейін іске асырамын. Менің бұған қатысты жоспарым бар», – деді әнші.
Jah Khalib ауылдағы мектеп оқушылары қалалықтарға қарағанда білімге көбірек ұмтылады деп санайды. Ал мектептерді серіктестерімен бірлесе салу жоспарланған.