Сауалнамаға қатысқандардың 2,7%-ы полицияға толық сенбейтінін, 6,3%-ы өте сақ, 38,4%-ы ішінара сенуге дайын екенін айтқан.
ERNUR.KZ. 2020 жылы қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін анықтау үшін жүргізілген зерттеудің қорытындысы жарияланды, деп жазады inbusiness.kz.
Халықтың құқық қорғау органдарына сенім деңгейін зерттеуге 18 мыңнан аса үй шаруашылығы қатысқан. Бұл елдегі жалпы үй шаруашылығының 0,35%-ы. 2019 жылы зерттеуге 31 мыңға жуық үй шаруашылығы немесе 0,6%-ы қатысқан еді.
2020 жылғы зерттеуге сәйкес, сауалға жауап бергендердің 57,4%-ы өзін толық қауіпсіз сезінбеген. Өткен жылғы көрсеткіш – 49,6%. Сауалнамаға қатысқандардың 38,5%-ы өзін қауіпсіз сезінген (2019 жылғы көрсеткіш – 42,8%).
Өзін қауіпсіз сезінбейтіндердің үлесі бір жылда 5,4%-дан 2,9%-ға, ал өздерін толық қауіпсіз сезінбегендер 0,9%-дан 0,6%-ға дейін төмендеген. Сұрақ қойылғандардың 0,6%-ы (бір жыл бұрын – 1,2%) өз қауіпсіздігі туралы сұраққа жауап беруге қиналған.
Сауалнама қорытындысына сәйкес ерлердің 63,4%-ы, әйелдердің 52%-ы өздерін толық қауіпсіз сезінген. Ал әйелдердің 3,5%-ы және ерлердің 2,2%-ы өздерін қауіпсіз сезінбейтінін айтқан.
Шоттан немесе банк картасындағы қаражаттан айырылу, оның ішінде ол ақшаны алаяқтардың алу дерегіне қатысты алаңдаушылық білдіргендің үлесі бір жылда 31,8%-дан 41,8%-ға өскен.
Сонымен қатар 2020 жылы бұл мәселеге алаңдамайтындар 55,1%-ға төмендеген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 59,8% болған еді.
Сондай-ақ шоттары немесе банк карталары жоқ адамдардың үлесі 8,4-дан 3,2%-ға азайған.
Азаматтардың құқық қорғау органдарына сенім деңгейі де өзгерген. 2020 жылы «құқық қорғау органдарына сенуге болады» деген пікірмен толық келісетіндердің үлесі азайған: сауалнамаға қатысқандардың 37%-ы полицияға (бір жыл бұрын – 38,3%), прокуратураға – 35,9%-ы (бір жыл бұрын – 45,9%), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке – 24,5%-ы, экономикалық тергеу қызметіне – 20,5% (бір жыл бұрын – 24,4%) толық сенетінін айтқан.
Сонымен қатар құқық қорғау органдарына толық сенбейтіндердің үлесі де артқан: полиция органдарына жалпы сенімсіздікпен қарайтындар – 2,7% (өткен жылы – 2,3%), сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сенбейтіндер 1,6%-дан 1,8%-ға, прокуратура органдарына сенбейтіндер 1%-дан 1,6%-ға, экономикалық тергеу қызметіне сенбейтіндер 1,2%-дан 1,3%-ға өскен.
2020 жылы сауалға жауап бергендердің жартысына жуығы ешқашан экономикалық тергеу қызметінің көмегіне жүгінбегенін айтқан – 49,9%.
Сұрақ қойылғандардың 42,1%-ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, 26,8% – прокуратура, 15,6%-ы полицияның көмегін пайдаланбаған.
Сауалнамаға қатысқандардың 92,2%-ы құқық қорғау органдары өтінішін қабылдағанын айтқан (2019 жылы – 92,9%). Ал сұрақ қойылғандардың 7,8%-ы өтініш қабылданбағанын айтады (2019 жылы – 7,1%).
Сондай-ақ құқық қорғау органдарының көмегіне жүгінгендердің 2,9%-ы өтініш қабылданбағанын атап өтті. Оны тиісті органдар ұсақ құқықбұзушылық (бұзақылық, ұялы телефонды ұрлау және т. б.) деп түсіндірген.
Сауалға жауап бергендердің 2,4%-ы құқық қорғау органдары мәселені шешіп беруге ауызша уәде бергенін, ал 1,5%-ы қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тергеуден бас тартқанын айтады.
Халықтың құқық қорғау органдарына сенімі төмендеп жатқанына қарамастан тергеу ісіне қанағаттанғандардың (өтініші қабылданған адамдарға қатысты) үлесі бір жылда 49%-дан 58%-ға өскен.