Қазақстанға келетін Әл-Азхардың бас имамы мен Рим Папасының сапары бекітілді

0
2 319

VII Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық және секциялық отырыстары Тәуелсіздік сарайында өтеді.


Қазақстанға келетін Әл-Азхардың бас имамы мен Рим Папасының сапары бекітілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер съезіне Әл-Азхардың бас имамы шейх Ахмед ат-Тайеб пен Рим Папасы Францисктің сапары бекітілді, деп жазады sputnik.kz.

"Әлемнің 50 елінен 100-ден астам делегация қатысады деген жоспар бар. Олардың ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм мен синтоизмның діни көшбасылары бар", - дейді Жанғазынова.
VII Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің пленарлық және секциялық отырыстары Тәуелсіздік сарайында өтеді. Осы шараны ұйымдастыруға 500-ден астам ерікті тартылады.
Айта кетері, съезд 13-15 қыркүйек күндері өтеді. Осы ауқымды шараның алдында тексерістер өтеді. Атап айтқанда, 8 қыркүйекке дейін қала аумағында "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы өтеді. Оның барысында елордада жалдамалы пәтерлер, жатақханалар, хостелдер, қараусыз қалған үйлер, сондай-ақ есепке алынған контингент, аңшылық қару иелері, кәсіпкерлік объектілері көші-қон заңнамасының сақталуына тексеріледі.