Қазақстанда Қытайдың көлік саласындағы көшбасшы брендтерінің бірі - Chery сатылымға шықты.
ERNUR.KZ. Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында ашылған дилерлік орталықтардан премиум санаттағы Tiggo 4, Tiggo 7 Pro, Tiggo 8 және Tiggo 8 Pro кроссоверлерін алуға болады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Астана Моторс» компаниясының құрамына кіретін First Motor Group ресми дистрибьюторы алдын ала тапсырыстар қабылдауды бастап кеткен болатын. Қазірдің өзінде елімізге 50-ден аса көлік әкелінген, желтоқсан айының соңына дейін олардың саны 88-ге жетеді.
«Біз Chery брендінің сенімділігіне және Chery Automobile-мен ынтымақтастықтың жоғары әлеуетіне сенімдіміз. Біз үшін бұл ұзақ мерзімді жоба, оны дамытуға барлық білімімізді, тәжірибеміз бен ресурстарымызды салуға ниеттіміз», - дейді «Астана Моторс» компаниясының бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
Chery Automobile – Қытайдың ең ірі автомобиль концерні. 20 жыл бойы компания ғылым, технология және инновацияға инвестиция салып келеді.
Chery Automobile командасы оннан астам елдің автокөлік саласындағы көшбасшы компанияларында жұмыс істеп, тәжірибе жинақтаған зерттеуші мен көлік жасаушылардан құралған.
Chery 80-нен астам елде танымал және инновациялық өнімдері, жаңаша дизайнерлік шешімдері үшін бірқатар халықаралық марапаттарға ие, сондай-ақ Қытай автомобиль өнеркәсібінің флагманына айналды.
Сонымен қатар ресейлік нарықтағы ең танымал қытайлық автокөлік бренді, мұнда тұтынушылардың брендке деген адалдығы жоғары.
Мысалы, 2019 -2020 жылдар аяғында Chery көлігін алған әрбір бесінші адамның бұрынғы көлігі дәл осы марка болған.
2021 жылдың қаңтар-қазан аралығында Chery-дің Ресейдегі сатылымы 266%-ға өскен.
Chery International вице-президенті Жу Шандон мырзаның айтуынша Chery үшін Қазақстан әлемдік нарықтағы маңызды елдердің бірі болып табылады.
«Біз бүкіл әлем бойынша 9,8 миллион тұтынушының сеніміне ие болдық және шетелдік нарықта айтарлықтай табысқа жеттік. Chery көліктері бұл жетістікке Қазақстанда да қол жеткізеді деп ойлаймын. Біз Қазақстан халқына Chery брендінің ең жақсы өнімдерін ұсынамыз», - деді ол.
Chery көлігін жасаушылар соңғы технологияларды қолданады, қауіпсіздіктің жоғары деңгейін, автокөліктердің жайлылығын қамтамасыз етеді және оларды әлемдік автомобиль өндірушілерінің жабдықтарымен жабдықтайды. Chery-дің модельдік легі үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады.
18 жыл қатарынан Chery қытайлық брендтер арасында жеңіл көлік экспортының көшбасшысы. 2021 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында компания 200 мыңнан астам көлік экспорттаған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 145,7%-ға артық.
Осы жылдың қаңтар-қазан айларында барлығы 739 мың 730 автокөлік сатылған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға артық.
Айта кетейік, Қазақстандағы барлық жаңа модельдерге өндірушінің – 5 жыл немесе 150 мың шақырым кепілдігі бар.
Дистрибьютордың жоспары бойынша, 2022 жылы Қазақстанда 9 Chery дилерлік орталығы, ал 2023 жылы олардың саны 17-ге дейін жетеді.
Бүгінгі таңда компанияда 120-дан астам жұмыс орны құрылды, дилерлік желіні дамыту арқылы жұмыс орындарының саны 500-ге дейін ұлғаяды