Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

0
336

Сотталғандардың көбі көрші Ресей мемлекетінің түрмесінде қамауда отыр.


Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Қазақстанның 900 азаматы жазасын шетелде өтеп жатыр. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев айтты, деп жазады zakon.kz.

Сотталғандардың көбі көрші Ресей мемлекетінің түрмесінде қамауда отыр. Дені есірткі саудасымен айналысқан.

Құқық қорғау органдары соңғы 5 жылда бұл азаматтардың 160-ын елге қайтарды. Ал Қазақстандағы абақтыларда жазасын өтеп жатқан шетел азаматтары мыңнан асады.

"Осындай оқиғалар өте көп. Әсіресе, есірткі тасымалдау әрекетімен істі болып отыр. Бұл жаза бойынша сотталғандар онда жазасын өтеу қиын."Ғалымжан Қойгелдиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары