Олар бірақ өздерін кінәлі емеспіз деп есептейді.
ERNUR.KZ. Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресей құрамына қосу керек деп әлеуметтік желіде ұрандатқан ерлі-зайыпты екеу бес жылға сотталды. Олар Петропавл қаласының тұрғындары, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Айыптылардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 180-бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған.
Сот материалдарынан белгілі болғандай, ерлі-зайыпты екеу әлеуметтік желіде Қазақстанның тәуелсіздігіне сенімсіздік тудыратын, ұлттық алауыздықты қоздыратын жазбалар жазумен айналысқан. Атап айтқанда, Қазақстанның солтүстік облыстары Ресейге тиесілі екенін, оны қайтару керегін мәлімдеген.
Сотта ерлі-зайыпты өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін айтқан. Дегенмен, айыптау тарабы заттай айғақ ретінде күдіктілердің видеоүндеуі жазылған видеоматериалды көрсеткен. Сондай-ақ, прокурорлар ер мен әйелін әр қайсысын 5 жылдан түрмеге қамауды сұрапты.