Кей өңірлерде өте жоғары өрт қаупі күтіледі.
"Қазгидромет" мамандары 24 мамырда Қазақстанның бірнеше облысында қатты ыстық болады деп болжады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Тек республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерде өткінші жаңбыр жауады.
"Кей жерде жел күшейеді, республиканың батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі, оңтүстігінде найзағай, солтүстігінде түнде тұман болады", - деп хабарлайды синоптиктер.
Ертең күндіз Маңғыстау, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 38-42 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжануда.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде, Алматы, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Жамбыл облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі
Түркістан, Атырау облыстарының кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі деп жоспарланып отыр.
Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының тауларында бұршақ жаууы ықтимал, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Күндіз Алматы облысының тауларында желдің күшеюі күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түседі.