Көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады

0
2 493

Инфляцияға ел аумағы бойынша өткен мамыр айында 0,6 пайызға өсіп, биылдыққа 5,3 пайызға жетті.


Көкөніс пен жеміс-жидек қымбаттады

ERNUR.KZ. Министрлер елдегі инфляция деңгейі тұрақты деп есеп берсе де ең ірі екі қала мен екі облыста ауылшаруашылығы өнімдерінің бағасы шарықтап барады, деп жазады ktk.kz.

- Жалпы осы жылғы 5 айдың қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің оң серпіні сақталды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4 пайызды құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі – 5,3 пайызды құрады. Бұл 4-6 пайыз инфляция дәлізінің шегінде, - дейді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.

Инфляцияға ел аумағы бойынша өткен мамыр айында 0,6 пайызға өсіп, биылдыққа 5,3 пайызға жетті. Бірақ белгіленген межеден асып кетпесе де жекелеген өңірлерде баға өсімі қатты байқалып отыр. Әсіресе, ел астанасы Нұр-Сұлтан мен бақша өнімдеріне бірінші болып қарық болатын Шымкент қалаларын қымбатшылық бар. Батыс өңірлерде Атырау, Маңғыстау облыстарында да көкөніс пен жеміс құны шарықтай бастаған. Қыстың қақ ортасы емес, жаз басталғанда жағдай неге ушыққанын үкіметтегілер түсінбей дал.

- Бұл негізінен агроөнеркәсіп тауарлары бағаларының өсуінен болып отыр. Қазір жеміс-жидектер мен көкөністердің көп уақыты. Сондықтан бағалар арзандауы керек. Әкімдер әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты ұстау бойынша нақты шаралар қабылдасын, - деді Премьер-министр Асқар Мәмин.