Көкшетау станциясында Пәкістанның бес азаматы ұсталды

0
983

21, 36, 39, 41 және 42 жастағы шетел азаматтары визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған. ​


Көкшетау станциясында Пәкістанның бес азаматы ұсталды

ERNUR.KZ. Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Пәкістан Республикасының бес азаматына қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтады, деп жазады kaz.zakon.kz.


21, 36, 39, 41 және 42 жастағы шетел азаматтары визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған.



Құқық бұзушылар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктердің біріне 15 АЕК айыппұл салынса, қалған құқық бұзушылардың материалдары шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін.