Көкшетауда жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтайтын мобильді кешенді тестілеу бойынша пилоттық жоба жалғасып жатыр.
Фото: Ақмола облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Жедел жәрдем көлігіне орнатылған жүйе бір ай ішінде 8000-нан астам заң бұзушылықты анықтады, деп жазады inbusiness.kz.
Жедел жәрдем көлігіне орнатылған Sergek Patrol мобильді аппараттық-бағдарламалық кешені жасанды интеллект (AI), заманауи камералар және радармен жабдықталғанын атап өтті. Қазіргі кезеңде жүйе тек талдау режимінде жұмыс істейді, яғни айыппұлдар салынбайды. Жиналған деректер тек жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу үшін пайдаланылады.
Ақмола облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ержан Мағжанның айтуынша, цифрлық құралдар проблемалық аймақтарды анықтап, оларды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүргізушілердің жауапкершілігін арттырып, қауіпсіздігіне зор ықпал етеді.