Коммунистер "Халық партиясы" деген атаумен Мәжіліс сайлауына түседі

0
752

Партия ребрендинг жасап жіберді.


Коммунистер

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының кезектен тыс съезі өтті, деп жазады zakon.kz.

– Елде саяси және әлеуметтік-экономикалық ахуалды өзгертуге сұраныс жоғары, саяси үрдістерге араласу қажеттігі туындап отыр. Соған байланысты ребрендинг жасап, Қазақстанның коммунистік халықтық партиясының атауын Қазақстанның халық партиясы деп өзгерту ұсынылды", – деді ҚКХП басшысы Айқын Коңыров.

Осылайша, енді "Қазақстанның халық партиясы" пайда болып отыр.

Сонымен бірге, ҚР Парламент Мәжілісіндегі Народные коммунисты фракциясының атауы да "Халық партияның фракциясы" деп өзгеретін болды.