Машинситер кірер кезде және шыққанда тепловизормен тексеріледі.
ERNUR.KZ. ҚХР арадағы халықаралық түйіспе пунктерінде тасымал штаттық режимде жүзеге асырылады, деп жазады baq.kz.
Коронавирус індетінің таралуына орай жүк пойыздарының қозғалысы тоқтатылмайды.
Теміржолшылардың және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтердің бірлескен күш-жігерімен Достық және Алтынкөл станцияларында қажетті алдын алу шаралары қабылдануда. ҚР аумағында коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі штаб құрылған.
Коронавирус індетіне байланысты елімізде төтенше жағдай енгізу жүк тасымалына ықпал еткен жоқ.Станцияларда өте қауіпсіздіктің өте маңызды шаралары қабылданып, пойыздарды жөнелту мен қабылдаудың алгоритмі пысықталып, қытайлық мамандармен байланыстар шектелген, - деді "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ бас инженері Батыр Котырев.
Күн сайын теміржолшылармен нұсқамалық өткізіліп, алдын алу шаралары туралы жаднама таратылып берілуде. Қызметкерлер үшін маскалық режим енгізіліп, жұмыс орындарын зарарсыздандыру бойынша іс-шаралар өткізілуде.
Машинситер кірер кезде және шыққанда тепловизормен тексеріледі. Станцияға келгеннен кейін теміржолшылар орталық аудандық ауруханада қосымша тексерістен өтеді. Қазақстан мен ҚХР арасындағы тасымал көлемі ағымдағы жылдың 2 айы мен 15 күнінде 2019 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18% өскен.