Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге ұшақта 90 адам келген

0
1 002

Миланнан әйел Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген.


Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге ұшақта 90 адам келген

ERNUR.KZ. Коронавирус жұқтырған қазақстандық әйелмен бірге Миланнан 90 адам ұшақта бірге келген, деп хабарлайды тengrinews.kz.

"Миланнан әйел Нұр-Сұлтанға 12 наурызда келген. Ол борттан бірден карантин нысанына жатқызылды. Оның қан сынамасынан коронавирус анықталды. Қазіргі уақытта байланысқа түскен адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

"Бортта бірге келген 90 адамның тізімі бізде бар. Олардың да, бұл науқас әйелдің де жағдайымен жұмыс жүріп жатыр. Жақындары мен байланысқа түскен адамдары анықталуы керек. Олар карантинге жатқызылды, зерттеу жүргізіледі", - деп хабарлады Біртанов.

Еске салайық, бұған дейін Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырудың үшінші жағдайы тіркелгенін хабарлаған.