Көшеде әйелін арашалаймын деп өз анасын сабаған азаматқа сот үкімі шықты

0
516

Алматыда 74 жастағы анасын сабап тастаған Александрға сот жаза тағайындады.


Көшеде әйелін арашалаймын деп өз анасын сабаған азаматқа сот үкімі шықты
ERNUR.KZ. Көпшіліктің көзінше өз анасын өлімші етіп сабаған азаматқа сот үкімі шықты. Ол кейуанамен жанжалдасып қалған әйелін арашалау үшін осындай әрекетке барған еді, деп жазады Экспресс К.

Алматыда 74 жастағы анасын сабап тастаған Александрға сот жаза тағайындады. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Дерекке сүйенсек, кейуана қанша таяқ жесе де, сот залында ұлын бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Аталмыш азаматқа 1,6 жыл бас бостандығын шектеу және 100 сағат мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы тағайындалды. Сотталған адам өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Анасы сотта оны бас бостандығынан айырмауды сұрады,

— деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Экспресс К бұған дейін көше жиегінде сөзге келіп қалған келіншек пен қарт кісінің жанжалы бейнебақылау камерасына түсіп қалғанын жазған еді. Бірақ айғайласқан әйелдердің арасына ер адам араласып, қарт кісіні өлімші етіп сабап тастайды.

Кейін бұл іске байланысты қалалық прокуратура түсініктеме берді. Яғни, Александр есімді ер кісі 74 жастағы өз анасын әйеліне араша түсу үшін ұрып тастағанын айтқан.