Оқиға бүгін 13:00-де Маяковский көшесінде орын алған.
ERNUR.KZ. Қостанай қаласында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп жазды NUR.KZ.
Оқиға бүгін 13:00-де Маяковский көшесінде орын алған.
№22 жолаушылар автобусы № 23 мектептің қоршауын қиратқан.
Оқу орнының директоры Бауыржан Сауытбаеваның айтуынша, зардап шеккендер жоқ.
"Уайымдаған ата-аналар қоңырау шалуда. Оқиға бірінші ауысымның балалары сабақтан шығып, екіншісінің оқушылары келіп жатқан кезде болған. Бәрі орнында. Автобус ешкімге зиян келтірген жоқ. Тек мектеп қоршауының үш тірегішін құлатқан. Бірақ бұны да ретке келтірді", - деді № 23 мектептің директоры.