Құжатта көрсетілген талап бойынша әр сыныпта 15 баладан артық болмауы шарт.
ERNUR.KZ. Қостанай облысында ертеңнен бастап, оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде оқыту дәстүрлі форматқа көшіріледі, деп жазады 24.kz.
Бұл туралы бүгін облыстың бас саниатрлық дәрігерінің қаулысы жарық көрді. Құжатта көрсетілген талап бойынша әр сыныпта 15 баладан артық болмауы шарт. Сондай-ақ жоғары сынып пәндерінің 70 проценті мектеп қабырғасында, қалған 30 проценті қашықтан оқытылады.
Қосымша сабаққа қатысатындардың саны бесеуден аспауы қажет. Осы қаулыға сәйкес, жоғары оқу орындары мен колледждің бірінші курс студенттері де аудиторияларға оралады.
Білім ордаларындағы асханалардың жұмысына да рұқсат беріліп отыр.Тек қауіпсіздік шаралары мен санитарлық талаптың қатаң сақталуы міндеттеледі.