Қостанайда газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам жарақат алды

0
1 323

Өрттің негізгі себептері анықталып жатыр.


Қостанайда газ-ауа қоспасы жарылып, екі адам жарақат алды

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ERNUR.KZ. Қостанай облысының Қарасу ауданында газ-ауа қоспасы жарылып, салдарынан шаруа қожалығының жұмысшылары зардап шекті, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Жаныспай ауылында, жергілікті шаруа қожалығының қоймасында болған.

«Қоймада газ-ауа қоспасы жарылды, салдарынан үй-жайдың терезелері сынып, жалпы ауданы 10 шаршы метр аумақта жиһаз өртенді. Өрт жұмысшылардың күшімен сөндірілді. 1991 жылы туған азамат екі қолының 1,2 дәрежелі жұмсақ тінінің күйігі мен оң жақ буынының кесілген жарақаты диагнозымен ауруханаға түісті», - делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар күйік шалған 1981 жылғы жұмысшы да ауруханаға жеткізілді. Өрттің негізгі себептері анықталып жатыр.