1 жас 10 айлық бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.
ERNUR.KZ. Оқиға 5 желтоқсан күні қаладағы Уәлиханов көшесіндегі үйлердің бірінде болған, деп жазады 24.kz.
Үйде ересек адамдардан бөлек балалар да болған. Өрт салдарынан үш адам көз жұмды.
Олардың арасында бір зейнеткер мен 37 және 27 жастағы екі ер адам бар. Қостанай облыстық балалар ауруханасына жеткізілген 1 жас 10 айлық бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр.
Облыстық ауруханаға денесінің 90 процентін күйік шалған тағы бір ер адам жеткізілді. Ол жансақтау бөлімінде қайтыс болды.