Қостанайда ұлын балталаған әке өзіне ату жазасын сұрады

0
646

​Қостанайда 73 жастағы адам өз ұлын балтамен ұрып өлтірді.


Қостанайда ұлын балталаған әке өзіне ату жазасын сұрады

ERNUR.KZ. Тергеу сараптамасы кісі өлтіру кезінде ер адамның ақыл-есі дұрыс болғанын көрсетті, деп жазады Zakon.kz.

Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдың 26 маусымда кешкісін бір кәсіпорнында күзетші болып жұмыс істейтін Владислав Грековке ақша сұрап 30 жастағы ұлы келді. Әкесі ақша беруден бас тартып, баласының кетуін өтінді. Бірақ ол бір бөтелке сыра ішіп, ұйықтап қалды. Таңертең Греков ұлын оятқанда ол әкесіне жұдырық ала жүгірген. Жанжал кезінде қария балтамен ұлын 11 рет ұрған. Жігіт алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

"Тексеру нәтижесінде Грековтың қылмыс жасау кезінде ашу-ызаға берілгені анықталды. Греков аффект жағдайында болған жоқ", - дейді судья Алтынай Сағындықова.

Сонымен қатар, сот барысында қарт адам өз кінәсін мойындап, өзіне ату жазасын тағайындауды сұрады және қылмыс жасаған сәттің есінде жоқ екенін айтты. Сот қосымша психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындады, оның нәтижелері бір айдан кейін жарияланды.