Күдікті бір тәулік ішінде қолға түсті.
ERNUR.KZ. Оқиға Рудныйда болған. Бұл ақпаратты Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі растады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Рудныйда Комсомольский даңғылы мекенжайында зорлық-зомбылық белгілері бар 87 жастағы жергілікті тұрғынның денесі табылды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде Б.Майлин ауданының 29 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.
«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген облыстық ПД хабарламасында.