Қостанайдағы жарылыстан жапа шеккендерге бір реттік жәрдемақы төленеді

0
541

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жойқын жарылыстан 4 адам көз жұмып, 4 тұрғын үй, 6 бизнес нысаны және 6 автокөлік өртеніп кеткен еді.


Қостанайдағы жарылыстан жапа шеккендерге бір реттік жәрдемақы төленеді

ERNUR.KZ. Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев "Оружейная палата" дүкеніндегі жарылыс салдарынан үйлерінен айрылған отбасылармен кездесті, деп жазады exk.kz.

Шаһар басшысы оларға 220 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы 14 қыркүйекке дейін төленетіні айтты.

Жәрдемақының сыртында біз құжаттарды қалыпқа келітуге де көмектесеміз. ТКШ бөлімі және еріктілер аумақты тазартуға жәрдем жасайды. Ол жерде тергеу жүргізіліп жатқандықтан, әзірге ол жұмыстарды бастай алмай отырғанымызды түсінсеңіздер екен, деді Жүндібаев.

Қала әкімінің айтуынша, егер дүкен иесінің оқиғаға кінәсі бары дәлелденсе, барлық залалды өтеуге міндеттелуі мүмкін.

Сондай-ақ қала әкімдігі мен "Suiikti Qostanai" қоғамдық қоры бірлесіп, жапа шегушілерге және қаза тапқан адамдардың отбасына көмектесу үшін арнайы есепшот ашты. Жеке тұлғалар банк қосымшаларында "Қайырымдылық" немесе "Suiikti Qostanai" қоғамдық қоры" бөлімі арқылы қол ұшын соза алады.

Естеріңізге салайық, Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жойқын жарылыстан 4 адам көз жұмып, 4 тұрғын үй, 6 бизнес нысаны және 6 автокөлік өртеніп кеткен еді. Кейінірек жарылыс құрбандары туралы деректер пайда болды.