"Сырғасы 280 мың теңге тұрады, гауһар тасы бар, туған күніне сыйлағанбыз".
иллюстрациялық фото: uznay-kak.ru
ERNUR.KZ. Қостанайлық 23 жастағы бойжеткен сыған әйелдің гипнозы құрбаны болған, деп жазалды alau.kz.
Аталмыш редакцияға бойжеткеннің анасы шағым айтып келген. Оның айуынша, Қостанай қаласындағы Әл Фараби даңғылымен жұмысына бара жатып ішін ұстаған сыған әйеліне қарсы кездескен. Ол қыздан көмек сұрап, шығарып салуын өтінген.
«Қызым оған көмектеспекші болған. Сыған әйел оның қолынан ұстаған соң қызым есінен айырылған. Жұмысына келгенде ғана айнаға қарап құлағындағы алтын сырғансы, мойнындағы алтын алқасы жоқ екенін көрген. Жүгіріп барып сөмкесіндегі ақшасын тексергенде, ол да орнында жоқ болып шыққан. 40 мың теңгесі мен алтын әшекейлерінен айырылып қалған.
Сырғасы 280 мың теңге тұрады, гауһар тасы бар, туған күніне сыйлағанбыз. Полицияға арыздандық, бейне бақылау камераларын тексеріп, сол көшені жіті тексергенін қалаймыз. Мүмкін, біреу-міреу байқаған шығар», - дейді қыздың анасы.
Қыздың өзі сыған әйелді сипаттап берді. Оның аяғы ауыр болуы мүмкін. Қара шашты, көзі үлкен.
Аталған редакция тарапынан Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметіне сауал жолданды.